Вакансия

19.02.2025 ж

“Қызылорда облысының білім басқармасының “Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №128 негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі (1 бірлік) бос орнына конкурс жариялайды.

Мекеменің мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қараөзек бекеті-1, 8-7242-31-04-70, 128_mektep@mail.ru.

Конкурс “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57  (2024 жылғы 24 желтоқсандағы өзгеріс енгізу туралы)  бұйрығы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Конкурсқа хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде 20.02.2025-28.02.2025 күндері жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы тиіс.

Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог» біліктілігі немесе «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.

Компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлау бойынша бағдарламалық қамтамасыздық;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) –

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

02.09.2025

Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №128 негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымдық қызметтерге конкурс жариялайды

Конкурс жарияланған лауазымның атауы:  Қызылордаоблысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №128 негізгі орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Оқу ісі жөніндегі орынбасар0,5 бірлік, әлеуметтік-педагог0,5 бірлік, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі0,5 бірлік (8 сағат), музыка пәні мұғалімі – 0,5 бірлік (8 сағат)

Конкурсты өткізу орны: Қызылорда қаласы, Қараөзек стансасы, №128 мектеп

Байланыс  телефоны:  8 7242 310470, 87051147210

Электрондық пошта: 128_mektep@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін жүзеге асырылады.

Педагогтерді  лауазымдарға тағайындау конкурсы “Педагогті жұмысқа қабылдау” модулінде  жүзеге асырылады. «Enbek.kz сайтында, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің №128 негізгі орта мектебі”  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтында конкурс өткізілетіні  туралы  хабарлама  жариялаған  күннен бастап 7 жұмыс күнде  03.09.2025 –11.09.2025 аралығында жүзеге асырылады. 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
       •  Жоғары педагогикалық білімі немесе мамандық бойынша кәсіптік білімі болуы қажет, не болмаса педагогикалық қайта даярлаудан өткендігін растайтын құжат болуы керек (жұмыс өтіліне талап қойылмайды);

       • Оқытушылық қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша «педагог», «педагог-модератор», біліктілігі немесе «педагог сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
       • компьютерлік сауаттылық, қажетті құжаттарды дайындауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді білу және меңгеру.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагогтердің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» құжатының  талаптарына сәйкес.

Қажетті құжаттар тізімі:

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға төмендегі құжаттарды (қағаз немесе электронды түрде) тапсыруы қажет. Құжаттар ҚРОқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 бұйрығына сәйкес ұсынылады:

  1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

  8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

  10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS – айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысанбойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымынакандидаттың толтырылған бағалау парағы;

  12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқуорнынан ұсыным хат.

Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, байқауға қатысуғарұқсат берілмейді.

Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

Қосымша ақпарат алу үшін: 87072813567, 87051147210

Мекенжай: Қызылорда қаласы, Қараөзек стансасы, №128 мектеп
Электрондық пошта: 128_mektep@mail.ru

 

Государственные программы